Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарТариф бағасының өсуі

Тариф бағасының өсуі

Естерiңiзде болса газетiмiздiң былтырғы сандарының бiрiнде
2024 жылдың ақпанынан бастап коммуналдық қызметтердiң
бағасының ɵсетiнiн қуанғаннан емес, тиын-тебендерiңiздi соған
орай үнемдеудi ескерерсiздер деген оймен салынған ақпарат
болған. Ендi сол «күтпеген жағдайдай» болып сау ете қалған
ай сайынғы тɵлем түбiртектерiмiздi жаңарған бағамен
ақпаннан бастап алып жатырмыз. Жалақы сол қалпы əрине.
Оны кɵтеруге кəсiпкер де қауқарсыз — қайдан кɵтерсiн, ɵзi де
сол қоғамның адамы, оның да шығыны кɵтерiлген бағалармен
қатар кɵбейдi. Тарифтердi кɵтергендегi бiрденбiр себеп — түрлi желiлердi (электр, су, т.с.с) жаңарту үшiн деген болатын. Ендi
сол шарықтаған қызмет түрлерiнiң жаңарған желiлерiн
бақылауға алып, жаңарып болды ау деген кезде бағаны
орнына келтiредi деген үмiтпен үкiметке үңiлейiк. Бiрақ бiзде
үрдiс бар ғой — бағаны белгiлi себеппен немесе мерзiмге
байланысты кɵтередi, ол себеп пен мерзiм актуалдығын
жоғалтқанда да баға қайта орнына келмейдi, келесi
қымбаттау сол алдыңғы қымбаттаған құнға келiп тағы
қосылады. Осындай үздiксiз қымбаттау, ақшаның құнсыздану
парадоксы. Елiмiз аман, жұртымыз тыныш болсын.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments