Пятница, 21 июня, 2024
Басты бетUncategorizedТоқаев астаналық еріктілер мен жанкүйерлерге алғыс білдірді

Тоқаев астаналық еріктілер мен жанкүйерлерге алғыс білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жылы лебізін білдіріп, елордалық еріктілер мен белсенділерге алғыс айтты.

Президент Instagram-парақшасында Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жазба жариялады.

«Біздің ұлттық құраманың Солтүстік Ирландияның мықты командасымен алаңдағы кездесуін қызыға тамашаладым. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Қазақ футболшылары қарсылас командаға төтеп беріп, 1:0 есебімен лайықты жеңіске қол жеткізді. Қазақстан ұлттық құрамасы және олардың мыңдаған жанкүйері үшін қуаныштымын», — деді Тоқаев.

Сондай-ақ, ол еріктілер мен жанкүйерлерге алғысын білдірді.

«Әсіресе «Астана жастары» мен басқа да ұйымдар еріктілерінің, сондай-ақ, жекелеген азаматтардың, белсенділердің үлгі аларлық ісін айрықша атап өткім келеді. Олар ойыннан соң стадионда қалып, трибунадағы қоқысты жинап шықты. Футболшыларымызды және жастарымызды мақтан тұтамын», — деп жазды Мемлекет басшысы.

Еске салайық, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы «Астана Аренада» Солтүстік Ирландия құрамасын ұтты. Ойында отандастарымыз 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлаған голды 27-минутта Максим Самородов соқты. Оның айып алаңы сыртынан жерлете тепкен добы қонақтар қақпасының торында тулады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен кәсіби бокс жұлдызы Геннадий Головкин Қазақстан құрамасының матчіне тамашалады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments