Четверг, 26 декабря, 2024
Басты бет101 хабарлайдыТілсіз жау 25 адамның өмірін жалмады

Тілсіз жау 25 адамның өмірін жалмады

Алматы облысының аумағында 2020 жылдыңбасынан бері 503 өндірістік және тұрмыстық өрт оқиғасы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда 26% — ға азайған.
Тілсіз жау 25 адамның өмірін жалмады, сондай-ақ, 6 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.

Ағымдағы жылдың басынан бері облыстың тұрғын үй секторында 312 өрт тіркелді. Салдарынан, 15 млн. 500 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірілді. 2021 жылдың басынан бері өндірісті қамтамасыз ету басазасы себебінен қатты отынмен жұмыс істейтін пешті пайдалану кезінде 58 өрт болды, бұл тұрғын үй секторындағы өрттердің жалпы санының 20% — ын құрайды.

«Облыста 394 514 жеке тұрғын үй есепте тұр. Оның 243 786-ы қатты отынмен жылынса, 146 340-ы орталық газ жүйесіне, 4 187-і орталық жылу беруге, 201-і электрге қосылған. Сонымет қатар, 13 953 үй халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілі болып табылады»,-дейді Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі — Дәурен Азаматов

Айта кетейік, бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 1464 бірлік өрт автономды хабарлағыштарын және 831 бірлік табиғи газдың шығуын анықтайтын датчиктерді орнату бойынша қажеттілік нормалары анықталды, осы мақсаттар үшін әкімдіктен 5 млн. 298 мың теңге бөлінді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments