Пятница, 14 июня, 2024
Басты бетЖаңалықтарТұтынушылардың құқықтары қалай қорғалады?

Тұтынушылардың құқықтары қалай қорғалады?

Жыл басынан бері құзырлы органға eOtinish қосымшасы арқылы тұрғындар тарапынан 488 өтініш келіп түскен. Бұл туралы Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары баспасөз — мәслихатында мәлімдеді.
Ұлан Сағадиев тұтынушы құқығына қатысты жүргізілген талдау нәтижесін баяндады. Айтуынша, тұтынушылардың заңды мүдделері мен құқықтарының бұзылу себебі — жеке тұлғалардың құқықтарын білмеуі және сатушының өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы.
Биыл аталған департамент сауда субъектілеріне қатысты 22 әкімшілік іс қозғады. Мұнымен қоса тұтынушылар тарапынан келіп түскен өтініштердің негізінде 7 151 790 теңге өндірілді. Қаражатты қайтаруға бөлшек сауда және тұрмыстық қызмет көрсету салаларындағы құқық бұзушылық себеп болған.
Маманның ақпарынша департаментке, басқа да уәкілетті органдарға, қоғамдық ұйымдарға құқықтық кеңес алу мақсатында көмек сұрап жүгінетін азаматтар саны күн санап артып келеді.

“Өтініштердің 243 қанағаттанарлық деңгейде шешілсе, 128 өтініш қайта жөнелтілді. Сонымен қатар, 53 адамға тұтынушы құқығы бойынша кеңес берілді”,-дейді Ұлан Сағадиев

Спикер тұтынушыларға, бизнес өкілдеріне және мемлекеттік органдарға ыңғайлы болу үшін 2021 жылдан бастап e-tutynushy.kz шағымдарды қабылдау және қараудың бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істей бастағанын жеткізді.

Айта кетейік, құқықбұзушылық орын алған жағдайда кеңес алу үшін Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 8/727/3081455 нөміріне немесе E-otinish жүйесіне жүгінуге болады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments