Пятница, 8 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарШілдеде Қазақстанның 10 облысында құрғақшылық болуы мүмкін

Шілдеде Қазақстанның 10 облысында құрғақшылық болуы мүмкін

Елімізде атмосфералық құрғақшылық басталу қаупі бар аумақтар ұлғайып келеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Сайыров айтып берді.

Оның айтуынша, шілде айында Қазақстан аумағында ылғалдану жағдайы көбінесе көпжылдық мәндерге жуық болады деп күтілуде, алайда нақты қалыптасқан ауа райы жағдайларын және алдағы ай болжамын ескере отырып, құрғақшылық күтілетін аудандар тізімі жасалды. Олар:

• Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;

• Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында, Байғанин, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандарында;

• Қарағанды облысының Шет ауданында;

• Ұлытау облысының Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының жеке пункттерінде;

• Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында;

• Жамбыл облысының Мойынқұм, Жуалы және Т. Рысқұлов аудандарында;

• Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Отырар және Бәйдібек аудандарында;

• Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында;

• Маңғыстау облысының Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында;

• Атырау облысының басым бөлігінде.

Ал тамыз айында республиканың басым бөлігінде орташа ауа температурасы норма шамасында болады деп күтілуде.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments