Пятница, 28 марта, 2025
Басты бетЖаңалықтарЭнергетиканы дамыту және ядролық кластер құру

Энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру

Энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру

14 ақпанда аудандық кітапханада «Энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараға қоғам өкілдері, энергетика саласының мамандары, педагогтар, жастар және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Шараның мақсаты – энергетика саласын дамыту, оның перспективаларын, жаңартылатын энергия көздерінің рөлін және ядролық кластер құру мәселелерін жан-жақты талқылау болатын.

Іс-шара ашық пікірталас форматында өтті. Модератор: «Құрметті қатысушылар, бүгін біз ядролық энергетика және оның Қазақстандағы болашағы туралы пікірталас өткіземіз. Себебі ядролық кластер құру жаңа жұмыс орындарын ашуға, маман даярлауға және экономиканы әртараптандыруға үлкен мүмкіндік береді», – деп жиналғандарды пікірталасқа шақырды.

Бұл шараға тарих пәнінің оқытушысы Бекбосынова Назерке, Дегерес ауылдық округі жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы Е.Көшербай, физика пәнінің мұғалімдері Асқар Қызырхан, Айдын Құштар қатысты. Талқылау төрт негізгі бағыт бойынша өтті. Қатысушылар төмендегі қорытындыларға келді:

Энергетиканы дамыту перспективалары туралы халықты белсенді түрде ақпараттандыру қажет.
Білім беру мекемелері мен өндірістік кәсіпорындар арасындағы өзара байланысты күшейту керек.
Студенттер үшін кәсіби оқыту және тағылымдама бағдарламаларын дамыту маңызды.
Ядролық кластер құру жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестиция тартуға және өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Қатысушылар өз тараптарынан үлкен қызығушылық танытып, аталған шараға белсенді түрде қатысып, өзара қызу пікір алмасты. Арасында сұрақ-жауаптар мен ұтымды ұсыныстар айтылды.

Тұрсынжан Асқарұлы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments