Пятница, 28 марта, 2025
Басты бетЖаңалықтарҚазақстандық керлингшілер 2025 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық керлингшілер 2025 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында керлингтен Қазақстан құрамасы аралас жұптық турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Керлингтен ел намысын Әмина Сейітжанова мен Азизбек Нәдірбаев қорғады. Үшінші матчта олар Катар өкілдері Мабарка Әл-Абдулла және Нассер Абдулрахман Альяфеймен кездесті. Ойын сегіз эндке дейін созылып, 7:4 есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешілді. Ұлттық құрама бұған дейін екі рет жеңіліс тапқан болатын. Осылайша Сейітжанова мен Нәдірбаев Қырғызстан құрамасымен В тобында төртінші және бесінші орындарды бөлісіп отыр. Катарлықтар кестені тұйықтады. Медаль иелену үшін құрама үздік 3 топқа енуі керек. Қазақстандықтар 6 ақпанда қырғыздар мен филиппиндіктерге қарсы кездесетін болады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments