Понедельник, 27 мая, 2024
Басты бетЗаң"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету...

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылды

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылды, осы орайда психология маманы ретінде өз пікірімді білдіре кетсем. Зорлық-зомбылыққа қарсы заңның күшейтілгені көңілді қуантады әрине. Жалпы, менің пікірім бойынша, тағы да кішігірім дәрежеде күшейтсе екен деймін, айыппұл көлемі көбейтілген, меніңше, осы айыппұлмен бірге жаза да қатаңдатылып, 15 тәулік арнайы қамауда болып, еркін жүре алмайтын өмірдің атмосферасын сезсе деймін. Баланы, әйелді зорлау бойынша «өмір-бақи» түрмеде отыру заңы қарастырылыпты, бұл заң ертерек біздің заңнамаға енуі тиіс еді. Сондай-ақ, осы әйелді, баланы зорлау бабы бойынша қамауға алынған қылмыскерлерге жеңілдік қарастырмауын сұрайтын едім. Қазіргі таңда кәмелеттік жасқа толмаған мектеп оқушылары арасында буллинг жағдайлары кездесіп тұрады. Осы тұрғыда мектеп оқушыларына арнайы полиция бөлімдері, «Ашық есік» күндерін ұйымдастырып тұрса, түрмеде «абырой жинайсың» деген рэкетирлік жанрда түсіріп қарақшылықты «романтизациялайтын» идеологиялық фильмдер мен сериалдардың жалған екендігін дәлелдеп, дұрыс тәрбиеде болса деген ой. Жалпы, зорлық-зомбылыққа қарсы заңымыз күшейтіліп отырғанына өз басым қуаныштымын және де күшейтілгенін қолдаймын.
Кожабекова Қарлығаш
Жамбыл ауданының жастар ресурстық орталығының психолог-маманы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments