Понедельник, 30 декабря, 2024
Басты бетЗаң«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету...

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына пікір

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында қоғамда орын алып жатқан зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу үшін мемлекет тарапынан қандай шаралар қарастырылып жатқанын айтқан еді.
– “Мұндай қылмыстардың алдын алып, жолын кесу үшін менің тапсырмаммен нақты шаралар қабылдануда. Әйелдер мен балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарды тергеумен әйел тергеушілер айналысатын болды. Сондай-ақ ішкі істер органдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаумен шұғылданатын мамандардың штаты қалпына келтіріліп, олардың құзыреті күшейтілді” – деген еді. Көп ұзамай-ақ Ел Президенті жоғарыда аталған мәселеге орай заңға қол қойды.
Алдағы уақытта полиция қызметкерлері зорлық-зомбылықтан жапа шеккен жандарды анықтап, қылмыс бойынша іс қозғайтын болады.
Жалпы, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік едәуір күшейтілді. Бұл заңның басты қызметі – әйелдердің конституциялық құқықтарын, заңды мүдделерін құқыққа қайшы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және жолдарын кесу болып табылады. Мақұлданған заң алдағы уақытта өз нәтижесін береді деген сенімдеміз.

Әлия Оқанқызы

Жамбыл аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments