Понедельник, 30 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚазақстан 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді

Қазақстан 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді

Қазақстан 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. 19 қаңтарда үкімет Қазақстанның барлық аумағында UTC+5 уақыт белдеуін енгізу туралы қаулыны бекітті.

Осылайша 1 наурыз сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Костанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері жергілікті уақытты бір сағат артқа жылжытуға тиіс.

«Қазіргі кезде Қазақстан азаматтарының едәуір бөлігі (Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарының, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының тұрғындары) өзінің географиялық уақытынан озып-UTC+6 әкімшілік уақыт белдеуі бойынша өмір сүреді. Аумақтық көрсетілген аймақтар UTC + 5 уақыт белдеуінде орналасқан» деп жазылған жобаның түсіндірмесінде.

Онда «уақыттың алда болуы бірқатар аурулардың өршуіне ықпал ететіні» жазылған.

«Ең алдымен, шаршаңқы көңіл-күй, ақыл-ой және тән еңбегіне қабілеттің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, ас қорыту жүйесінің бұзылуы сияқты жайттарды атап өту қажет. Осыны ескеріп, 2018 жылы Қызылорда облысында жергілікті уақыт 1 сағат кейінге жылжытылды. Аталған мәселені пысықтау мақсатында сауда және интеграция министрлігі жанынан тиісті жұмыс тобы құрылды, оның құрамына 60-тан астам мүше, оның ішінде парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың көпшілігі, ғылыми институттар, медициналық жоғары оқу орындары мен қоғам қайраткерлері кірді» деп жазылған хабарламада.

Кейбір қазақстандықтар бұл өзгеріске қарсы болған. Кейбірі сағат артқа жылжыса, Алматы мен Орталық Қазақстанда, ШҚО-да қазақстандықтар «күндіз ұйықтап, жарты күнін қараңғыда өткізеді» деп жазды жоба астына. Кейбір қолданушылар «Қазақстан аумағы үшін бір уақыт белдеуі аздық етеді, кемінде үш уақыт белдеуі болуы керек» деп жазды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments