Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетUncategorizedҚорғас: Жүк тасымалдау ережесі қалай өзгерді

Қорғас: Жүк тасымалдау ережесі қалай өзгерді

Екі ел арасындағы экономикалық байланыс пен туризмнің дамуына арқау болған «Қорғас ШМХЫО» аймағы өз жұмысын жүргізуде. 30 наурызда ЕЭК Кеңесінің «Жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы» №30 шешімімен жеке пайдалануға арналған тауарлардың құндық және салмақтық параметрлеріне қатысты өзгерістер енгізілді. Бүгінде тауар алуға келген жеке тұлға 1 айда 31 келіден артық жүк алып кете алмайды. Және заттардың жалпы құны 1000 еуродан аспауы керек. Осындай ақпаратпен Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары Фархат Исаев баяндап берді.

«Жеке пайдалануға арналған тауарларды тасымалдау нормалары 25-тен 31 кг-ға дейін және 500-ден 1000 еуроға дейін ұлғайтылды. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін тауарларды әкелудің белгіленген нормалары асып кеткен жағдайда, яғни бекітілген құндық нормалардан асып кеткен жағдайда тауар құнынан жалпы 30%, ал салмақтық нормадан асқан жағдайда 1 кг салмақ үшін кемінде 4 еуро бірыңғай мөлшерлемесі бойынша кедендік баждар мен салықтар төлеу талап етіледі», — деді спикер.
Спикердің айтуынша кедендік шекара арқылы жеке тұлғаның өту және оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 реттен аспауы қажет. Яғни тауарларды бажсыз әкелу құқығын жеке тұлға айына 1 реттен артық емес пайдалана алады. Бірақ орталыққа бару/кіру құқығы – шексіз.
«Сондай-ақ, сіздердің назарларыңызға ШМХЫО-ның қазақстандық жағында ЕАЭО аумағында кеден заңнамасының нормалары қолданылатынын, ал Қытай бөлігінде тауар тасымалдау нормалары Қытай заңнамасымен реттелетінін жеткіземіз. Сонымен қатар «Қорғас ШМХЫО» АҚ ішкі регламентіне сәйкес, осы аумақта қызметін жүзеге асыратын тұлғалар үшін орталық аумағына қызметтік және жеке АКҚ-мен кіруге рұқсат етіледі», — деді Фархат Бақтиярұлы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments