Воскресенье, 22 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚос мереке қошеметке бөледі

Қос мереке қошеметке бөледі

Бүгін аудандық мəдениет үйінде 23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты шара өтті.

Аталмыш шараға аудан əкімі Нұрлан Ертас арнайы қатысып, ел қорғаны болып, тыныштықтың күзетшісі саналған барша ішкі істер органдарының қызметкерлерін кəсіби мерекесімен құттықтады.

 Аудан басшысы өз сөзінде: «Қазақстан полициясы – еліміздің қоғамдық қауіпсіздігі мен тыныштығын, азаматтардың еркіндігі мен конституциялық құқықтарын қорғайтын, тəртіптілікті қамтамасыз етіп, қылмыстың жолын кесетін мемлекеттік жүйе.

 Полиция – елдің қорғаны, тыныштықтың күзетшісі.

Полиция қызметкері болу оңай емес, бұл əрі маңызды, əрі жауапкершілігі мол жұмыс. Ол үшін байыпты білім мен айбарлы жүрек, сабыр мен төзім, қажырлы күш-қайрат қажет.

Халықтың сенімі – полиция қызметіне берілетін басты баға. Сондықтанда осы салада жүрген барша азаматтарға халықтың сенімінен шығып, алғысына бөленуді нəсіп етсін.

 Сіздердің кəсіптеріңіздің қаншалықты қиын, тіпті кей жағдайларда аса қауіпті екені баршамызға белгілі. Сіздер күнделікті қызметте өз өмірлеріңізді  қатерге тігіп, қоғамдық тəртіпті сақтау үшін аянбай еңбек етіп келесіздер.

Мемлекет тарапынан полиция қызметін барынша заманауи, оның ішінде цифрлық технологиялар негізінде материалдық-техникалық базасын жақсартуда. Сын-сағаттарда өздеріңізге төнген қауіп-қатерді елемей, уақытпен санаспай атқарып жатқан қызметтеріңіз үшін Жамбыл елі халқы атынан зор ризашылығымды білдіремін, – деген ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ, Нұрлан Ертасұлы қызметінде жоғары көрсеткішке жетіп, антына адал еңбек еткен қызметкерлерді аудан əкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Дəл осы 23 маусым Қазақстан полициясы күнімен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні де аталып өтті. Спорт кешенінде өткен салтанатты шараға аудан əкімі Нұрлан Ертасұлы қатысып, мемлекеттік қызметкерлерді кəсіби мерекелерімен құттықтады.

Бұл шара жылдағыдан өзгеше жоспарланған. Жамбыл ауданындағы 250-ден астам мемлекеттік қызметшілер арасынан іріктелген спортшылар саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында аудан орталығындағы спорт кешенінде түрлі спорттық сайыстардан жарыс өткізді.

Атап айтқанда, шағын футбол, волейбол, стол тейннисі, гір тасын көтеру, қол күрес сынды тартысты ойындар өтті. Нəтижесінде жалпы есеп бойынша Аудан əкімдігінің құрама командасы үздік І орынды иеленді. Жұмыспен қамту орталығы ІІ орынды еншіледі. Ал, Ұзынағаш ауылдық округі ІІІ орынға ие болды. Жеңіске жеткен командаларды аудан əкімінің орынбасары Абзал Нұрпейісов аудан əкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Бақтияр Айталы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments