Пятница, 11 октября, 2024
Басты бетUncategorizedҚызыл-Орданың Алматы қаласы болып ауысқанына 95 жыл

Қызыл-Орданың Алматы қаласы болып ауысқанына 95 жыл

Астана Алматыға 1929 жылдың жазында көшіп келді. Алматы астана мәртебесін алғаннан кейін қала экономикасы өсіп, халықтың саны артты. 1930 жылы 19-шілдеде Түркістан-Сібір темір жолы іске қосылды. Өнеркәсіп орындары іске қосылды. 1941–1942 соғыс жылдарында Алматыға Ресейден 30-дан астам кәсіпорын, 8 госпиталь көшірілді. Алматы – Орталық Азиядағы өркениеттегі ірі қалалардың бірі болды.

Қалада орта, арнаулы және жоғары оқу орындары, ғылыми, мәдени мекемелер ашыла бастайды. 50-жылдары қалада Үкімет үйі, Ғылым академиясының бас корпусы, Орталық стадион, Абай атындағы опера және балет театрының ғимараты салынды. Ал 60–70-ші жылдары бой көтерген зәулім құрылыстардың қатарына Республика сарайы, Достық үйі, Неке сарайы, «Медеу» мұз айдыны, «Алатау» қонақ үйі, Бейнелеу өнері мұражайы және т. б. сәулет объектілері бар. 9–12 қабатты тұрғын үйлердің жаппай бой көтеруі қала бейнесін тіпті өзгертіп жіберді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments