Понедельник, 2 декабря, 2024
Басты бетUncategorizedҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ҚОНАҚТАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ҚОНАҚТАРЫ!

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық Департаментері – бұл Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құзыреті шегінде құқықтық статистика мен арнайы жазбаларды қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік органның функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асырады. Құқықтық статистика қалыптастыру, осы салада арнайы есепке алу мен бақылау және қадағалау функцияларын үйлестіру мемлекетке қылмыстық жағдайдың жай-күйі туралы және қылмыстық қудалау органдары мен соттың қылмыстық іс жүргізуінің сандық және сапалық көрсеткіштері, мемлекеттік органдардың жұмысы туралы ең сенімді ақпаратпен жүйелі түрде қамтамасыз етудің мемлекеттік шарасы болып табылады. Кәсіпкерлікті қорғау және қолдау, сондай-ақ оларды әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы күресті,  құқықтық статистика және арнайы есепті тұтастай жаңа деңгейге шығарды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық Департаментерініңқызметіндегі басым бағыттардың бірі есепке алу-тіркеу тәртібі саласындағы заңдылықты қадағалау – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды есепке алу, тіркеу және шешу болып табылады.

Департаментпен жылдың басынан бастап 300 ден астам азаматтардың өтініштері қаралды, олардың ішінен50ден астам қылмыстық іс қозғалған.

Осылайша азаматтардың құқықтары қорғалған.

Алматы облысы бойынша департаменті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде тіркеуден өтпеген, сондай-ақ негізсіз шешім қабылдау жолымен, номенклатуралық жинақ папкасына жолдану жолымен есептен шығарылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға көп көңіл бөледі.

Сондықтан, АЕК-ке тіркелген арыз және хабарламалар бойынша қылмыстық қудалау органдары қандайда-бір құқық бұзушылықтар бойынша арыздарды қабылдамаған немесе тіркемеген жағдайда, қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық құрамы бар жағдайда номенклатуралық жинақ папкасына жолданса, немесе  қылмыстық қудалау органдарының шешімдерімен келіспеген жағдайда ҚСжАЕК Алматы облысы бойынша  Департаментінің байланыс нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

Тел. 8(727) 725-02-13.

Мекен-жайымыз: Алматы облысы, Қонаев қаласы, Қойшыманова көшесі, 7 үй.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті бастығының м.а. Ерлан Төре.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments