Понедельник, 2 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарҮкімет басшысы тағайындалды

Үкімет басшысы тағайындалды

Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматыда дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

2005-2006 жылдары премьер-министр кеңсесінде заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшы қызметтерін атқарған.

2006-2009 жылдар аралығында президент әкімшілігінде жұмыс істеді. 

Бектенов 2009-2012 жылдары Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары, 2012-2014 жылдары Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің орталық аппаратында департамент бастығы қызметін атқарды.

2015-2016 жылдары Президент әкімшілігіне қайта келіп, Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, президент әкімшілігінің басшысы хатшылығының меңгерушісі болды.

Ал 2016 жылдан бастап Антикорға келіп, 2016-2017 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы лауазымын атқарды.

Сонымен қатар 2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары, 2018-2019 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, 2019-2022 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болды.

Ал 2022 жылдың ақпанынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болды. Ол бұл қызметті 2023 жылдың сәуіріне дейін атқарды.

Содан кейін мемлекет басшысының 2023 жылғы 3 сәуірдегі жарлығымен президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

2-дәрежелі «Айбын» (2014 ж.), 2-дәрежелі «Даңқ» (2021 ж.) ордендерімен марапатталған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments