Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 300 618 адамға жетті.
Бюро есебі бойынша 2025 жылдың қаңтарында халық саны 14,5 мыңнан астам адамға артқан.
Қазақстанда қала халқының саны 12,8 млн адамға өссе, ауыл тұрғындарының саны 7,5 млн-ға дейін азайғаны айтылады.
Халық ең тығыз қоныстанған аймақ – Алматы қаласы. Адам саны ең аз өңір – Ұлытау.