Суббота, 27 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарҰрыс қимылдары кезеңінде әрекет еткен армия құрамындағы, оның ішінде әскери борышын өтеу...

Ұрыс қимылдары кезеңінде әрекет еткен армия құрамындағы, оның ішінде әскери борышын өтеу кезіндегі әскери қызметті еңбек өтіліне есептеу тәртібі

Зейнетақы төлемдерін тағайындау және олардың мөлшерін арттыру 2023 жылғы                   1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жүзеге асырылады.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу және растау тәртібі Кодекстің 208-209-баптарымен реттеледі.

Кодекстің 208-бабы 2 тармағына 1) тармақшасына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу кезінде ұрыс қимылдары кезеңінде әрекет еткен армия құрамындағы, оның ішінде әскери борышын өтеу кезіндегі әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңінде партизан отрядтары мен құрамаларында болуы, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерінде емделуде болған уақыт – әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындаған кезде осы қызметтің мерзімдерін есептеу үшін белгіленген тәртіппен жұмыс өтіліне есептеледі.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы                                     29 тамыздағы №733 қаулысымен бекітілген «Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларына» сәйкес, әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері ұрыс қимылдарына қатысқан басқа елдердің аумағында болған әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелер мен бөлімшелерде:

Сирияда – 1967 жылғы маусым, 1970 жылғы наурыздан бастап шілдеге дейін,                      1972 жылғы қыркүйектен бастап қарашаға дейін, 1973 жылғы қазан, 1982 жылғы маусым,

Мозамбикте – 1967 – 1969 жылдар, 1975 жылғы қарашадан бастап 1979 жылғы қарашаға дейін, 1984 жылғы наурыздан бастап 1988 жылғы тамызға дейін,

Эфиопияда – 1977 жылғы 9 желтоқсаннан бастап 1990 жылғы 30 қарашаға дейін,

Ауғанстанда – 1978 жылғы сәуірден бастап 1989 жылғы 15 ақпанға дейін,

Анголада – 1975 жылғы қарашадан бастап 1991 жылғы желтоқсанға дейін,

Ливанда – 1982 жылғы маусым, ал жараланған, контузия алған немесе мертіккен әскери қызметшілерге және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне емдеу мекемелерінде емделуде үзіліссіз болған уақыт;

1993 жылғы 5 шілдеден бастап Тәжік-Ауған учаскесіндегі ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі міндеттерді орындағандарға;

армиясы ұрыс қимылдарын жүргізген немесе басқа мемлекеттерге әскери көмек көрсеткен елдерде, осы елдерге 1961 жылғы 1 қаңтардан бастап 1982 жылғы                                      31 желтоқсанға дейінгі кезеңде ұрыс қимылдарына қатысқанына қарамастан, іссапарға жіберілген ұшқыш құрамының әскери мамандарына;

Чернобыль АЭС-індегі авария салдарын жоюға және оқшауланған аймақта                  (1986 жылы тұрғындары эвакуацияланған аумақта) қоршаған ортаның ластануын алдын алуға байланысты жұмыста – 1986 жылғы 26 сәуірден бастап 1987 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі қызметтің 1 айы үш ай болып жеңілдікті шарттарда есептеледі.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы                                       №232 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау Қағидаларының 6 тармағының 3) тармақшасында сәйкес өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттары ретінде әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы болып айқындалған.

Жанбатыр Айжан Алиевна,

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің

Алматы облысы бойынша департаментінің

№4 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру

бөлімінің бас маманы

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments