Четверг, 25 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтарӘділеттілік – қоғамның жаңа қағидасы

Әділеттілік – қоғамның жаңа қағидасы

Мемлекет – аса күрделі құрылым. Оны реформалау және қандай да бір өзгеріске әкелуқиынның қиыны. Мұны жүзеге асыру үшінхалықты ұйыстыратын алып идея қажет екеніайтпаса да белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келген тұста қоғамныңмұндай идеяға деген сұранысы аса жоғары еді. Президент ұсынған «Әділдік» феноменінің бірденел идеологиясының тұтқасына айналуыосыныңайғағы.

        «Әділдік» ұғымы ұлттық реформалардыңбасты ұранына айналды. Бұл ұстаным ауқымдыөзгерістердің үштағаны саналатын саяси, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық сана реформасының өзегі ретінде берік бекіді. Соныменқатар бұл өзгерістерді нақты идеяны арқау еткен, түпкі мұраты айқындалған байыпты бастамаретінде қабылдаған абзал.

Саяси институттар трансформациясы

Қасым-Жомарт Кемелұлы Президент лауазымынқолға алғаннан бері іске асқан саясиреформалардың түпкі мазмұны елдегі демократия институттарын дамытуды көздейді. Бұлсаясижүйені жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ мемлекеттікбасқарудың тиімділігін арттыруға негіз болды.

Саяси реформалар туралы сөз қозғағандаКонституцияны өзгертуге бағытталғанжалпыұлттық референдум туралы атап өтузаңдылық. Бұл ретте Президенттің өзгерісті әркімөзінен бастауы керек деген ұстанымы жалпығабірдей үлгі болғаны анық. 2022 жылы енгізілгенКонституциялық өзгерістердің басты жаңалығыПрезиденттің өкілеттігін бір мерзіммен шектеутуралы шешім. Бұл «Әділдік» феноменінің нақтыорындалғанын көрсетті.

Сондай-ақ референдум аясында Парламенттіңрөлін күшейту және құқық қорғау органдарыныңқызметін жақсартуға бағытталған шаралар қолғаалынды. Бұл реформалар саяси жүйеніңтұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға жәнехалықтың билікке деген сенімін нығайтуғамүмкіндік береді. Билік тармақтары арасындағытепе-теңдікті қамтамасыз етіп, демократиялықинституттардың нығаюына ықпал етеді. Мемлекетбасшысының саяси реформаларының тағы біртармағы саяси партияларды тіркеуді жеңілдетуболды. Бұл өзгеріс саяси аренада жаңапартиялардың пайда болуын жеңілдетіп, саясиәралуандыққа жол ашты.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі де айтарлықтайөзгеріске бет алды. 2021 жылы алғаш рет ауыләкімдері тікелей сайлау арқылы сайланабастағанын білесіздер. Бұл қадам жергіліктімәселелерді тиімді шешуге және азаматтардың өзөңірлеріндегі басқару үдерісіне белсендіараласуына мүмкіндік береді.

Саяси трансформацияның тағы бір маңызды бөлігіПарламенттің рөлін күшейту туралы шешім. Парламенттің атқарушы билікті бақылауфункцияларын күшейту арқылы заңнамалықорганның ықпалы артты деуге толық негіз бар.

Президент ұсынған саяси реформалардың біржаңалығыадам құқықтарын қорғауғабағытталған шаралар. Мемлекет басшысы адамқұқықтарын қорғау механизмдерін жетілдіретінжәне азаматтық қоғамды дамыта түсетін қолдаушараларын енгізді. Конституциялық сот қайтақалпына келтірілді. Заңдылықты қадағалайтынпрокуратура мен Адам құқығы жөніндегі уәкілконституциялық мәртебеге ие болды. Бұл қадамдархалықаралық стандарттарға сай келетін құқықтықжүйені қалыптастырды.

Аталған реформалар елдің саяси жүйесінжаңғыртуға, қоғамның саяси өмірге белсендіқатысуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ биліктармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға жолашты. Түптеп келгенде, бұл ауқымды шараларӘділетті Қазақстанның нықтап орнығуынамүмкіндік берді.

Әлеуметтік-экономикалық реформалар

Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатындада ауқымды реформалар жүргізіп келеді. Бұлқоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға, экономикалық өсімді қамтамасыз етуге жәнехалықтың өмір сүру деңгейін жақсартуғабағытталған.

Президент Тоқаевтың бастамасыменКонституцияға концептуалды өзгеріс енгізілді. Яғни жер мен оның қойнауындағы байлықхалықтың меншігі ретінде айқындалды. Бұл қағидаәлеуметтік саясаттың тірегіне айналды.

Нақты дәлел: «Ұлттық қорбалаларға» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама арқылыеліміздегі әр балаға Ұлттық қордан қаражат бөлінебастады. Бұл шараның түпкі мақсатыәлеуметтіктеңсіздікті азайтып, балалардың өмір сүружағдайын жақсарту. Бағдарлама өскелең ұрпаққаинвестиция салып, олардың білім алуына, денсаулығын жақсартуға және өмір сүру деңгейінарттыруға мүмкіндік беруге тиіс.

Шағын және орта бизнесті қолдау жұмыстары да артты. Бизнесті тексеруге үш жылға дейінмораторий жарияланды. Заңсыз алынған активтердіелге қайтарып, экономикалық айналымға түсіребастады. Еліміздің логистикалық мүмкіндіктерінмолайту арқылы табыс түсімін арттыруға жіті мәнберілуде. Алдағы уақытта Қазақстандылогистикалық хабқа айналдыру жөнінде ауқымдыміндеттер қойылды. Соған сәйкесинфрақұрылымды дамытудан бастап, қалыптасқанжүйені цифрландыру жұмысын қарқындыжалғастыруға айрықша мән беріліп отыр.

Президент индустрияландыру жәнеинновацияларды дамытуға үлкен мән береді. Осы бағытта экономиканың әртараптандырылуы жәнежаңа технологияларды енгізу мемлекеттің маңыздыміндеттеріне айналды. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламалары арқылыөндіріс орындарын құру, ғылыми зерттеулердіқолдау және жоғары технологиялық салалардыдамыту көзделіп отыр. Цифрландыру саясатынжаңғыртып, бұл бағыттағы жетістіктеріміздіеселеуге жаңа мүмкіндіктер жасалып келеді.

Бұрын назар аударылмаған энергетикалық, инженерлік жүйені түбегейлі жаңарту бастамасықолға алынды. Ұлттық қауіпсіздік, халықтың өмірсүру сапасына тікелей әсер ететін бұл сала ондағанжыл бойы қараусыз қалып келгені ешкімгежасырын емес. Мемлекет басшысы бұлолқылықтар түзелмей тұрмыс түзелмейтінін жақсыбіледі және білгендіктен нақты шешімдер қабылдапкеледі.

Әлеуметтік серіктестік қағидаттары да – ерекшетоқталуды қажет ететін тақырып. Еліміз еңбекқатынастарын реттеу, жұмысшылардыңқұқықтарын қорғау және еңбек жағдайларынжақсарту мәселелерін айтарлықтай күшейтті. Әлеуметтік серіктестік аясында жұмыс берушілермен жұмысшылар арасындағы диалогті нығайту, еңбек құқықтарын қорғау және өндірістік даулардышешу тетіктерін жетілдіру маңызды орын алады.

Әлеуметтік саланың әуелгі тірегі саналатынденсаулық сақтау және білім жүйесі де түбегейліреформаға ұшырады. Аталған сала мамандарыныңжалақысын екі есеге дейін ұлғайту туралы шешімқабылданды. Бұл білікті мамандардың салағакелуіне жаңаша серпін бергені сөзсіз. «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Ғылымныңдамуына айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Ұлттықғылым академиясы өзінің тарихи тұғырына қайтақонды.

Алдағы уақытта жоғарыда біз атап өткенәділеттілікке негізделген әлеуметтік жәнеэкономикалық саясат қағидасыеліміздіңқуатының, халқымыздың әл-ауқатының негізгісенімді күші болып қалатыны даусыз.

Қоғамдық сананың серпілісі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтыңкүллі реформасының өзегінде «Заң мен Тәртіп» ұстанымы тұр. Шын мәнінде «Әділдік» феноменіосы екі түсінік үстемдік құрмай тамыр жая алмасыанық.

Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның «Заң адам үшінжазылады. Адам заң үшін тумайды» деген сөзі бар. Еліміз қабылдаған қабырғалы құжаттар ең әуеліазаматтарымыз, олардың әлеуметтік жағдайынжақсарту, оларды кертартпа қоғамдық кеселдерденсақтау үшін жазылған.

Бұл ретте елімізде синтетикалық есірткі саудасын, құмар ойын жарнамасын, тұрмыстық зорлық-зомбылықты, браконьерлікті ауыздықтайтынбірқатар заң қабылданды.

Мұның бәрі Әділетті Қазақстанды тұғырынашығарып, нық орнатуға бағытталған қадамдар. Түбегейлі реформалар өз миссиясын орындады. Бірақ реформаларды жүзеге асырубір бөлек, оны орнықтырубір бөлек дүние. Бұл үшін қоғамдықсана да жаңғыруға тиіс.

Президентіміз ұлттың жаңа сапасынқалыптастыратын жаңа құндылықтар тізімін, яғни«Адал азаматтың» бейнесін айқын көрсетті. Бұл не үшін қажет? Қоғамдық ұстанымдар мен қолдаунегізінде оң бағыттағы реформалардың іске асуыжәне берік орнығуы үшін қажет. Себебі адал азаматескі жүйеге оралмаудың кепілі, әділеттілікқұндылықтарының қорғаны.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтыңкөшбасшылығымен еліміз бес жылды еңсерді. Бұлұзақ жылдар бойы сірескен саяси жүйенісерпілткен бес жыл болды. Қордаланған әлеуметтікмәселелердің түйінін шешкен бес жыл болды. Экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету үшін батылұмтылыс жасаған бес жыл болды. Ең бастысы, қоғам жылдар бойы күткен әділеттілікті төргеоздырған бес жыл болды. Бұл бес жыл алдағыжетістіктеріміздің жолашарына айналатыны анық.

Берік УӘЛИ,

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісіПрезиденттің Баспасөз хатшысы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments