Құрметті аналар мен арулар!
Сіздерді 8 наурыз, Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек.
Әйел-Ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары.
Еліміздің сән-салтанаты мен аймақ мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр.
Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін.
Дәл осы ажарлы күнде гүлдей жайнап, ерекше құлпырып, көңіл көктеміңіз көркейе берсін!
Жүрегіңізге жылылық пен махаббат ұялап, бақыт мекенінің мәңгілік тұрақтаңыз. Жұлдыздарыңыз биік болсын!.