Четверг, 25 апреля, 2024
Басты бетUncategorizedӨндірістік бақылау: өнімдердің жұмыстары мен қызметтері

Өндірістік бақылау: өнімдердің жұмыстары мен қызметтері

Өндірістік бақылау адам үшін өнімдер, жұмыстар мен қызметтер үшін қауіпсіздік пен зиянсыздықты қамтамасыз етудің ажырамас бөлігі болып табылады. Ол өндірістік процестермен байланысты тәуекелдерді азайтуға және халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған. Өндірістік бақылаудың тиімді бағдарламасы объектідегі тәуекел факторларын ескере отырып әзірленеді және санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға әсер етуі мүмкін жаңа технологияларды енгізу немесе өзгерістер кезінде міндетті түрде қайта қаралуыжайлы ақпаратпен Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ахметов Самат Махаббатұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен пресс-конференциясында бөлісті.

Өндірістік бақылаудың негізгі мақсаты, барлық тұтынушылар үшін өнімдердің, жұмыстардың және қызметтердің қауіпсіздігі мен зиянсыздығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл адам денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал жағымсыз әсерлердің алдын алуды білдіреді.

«Негізгі кезең — әрбір объектінің нақты ерекшеліктеріне бейімделуі тиіс өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеу. Өндіріс түрі, қолданылатын материалдар, технологиялық процестер және пайдалану шарттары сияқты әртүрлі қауіп факторларының болуын ескере отырып, бағдарлама қауіптердің тиімді алдын алуға бағытталуы керек», — деп түсіндірді спикер.

Өндірістік бақылаудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін зертханалық-аспаптық зерттеулер мен сынақтардың заманауи әдістерін қолдану қажет. Бұған өнімнің сапасын бақылау, санитарлық және гигиеналық нормалардың сақталуын тексеру, сондай-ақ объектілердің барлық қауіпсіздік талаптары мен стандарттарына сәйкестігін бағалау кіреді.

«Өндірістік бақылау барысында тамақ өнімдері қауіпті қасиеттерге ие болған бұзушылықтар анықталған жағдайда, кәсіпкер тамақ өнімдерін дайындау, айналымы және кәдеге жарату процестерін дереу тоқтатуға, оны ішкі сауда объектілерінен кері қайтарып алуды қамтамасыз етуге және тиісті сараптама жүргізуге міндетті, содан кейін оны кәдеге жаратуды немесе жою ұйымдастырылады», — деп қорытындылады Самат Махаббатұлы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments