Ақтерек ауылдық округінде орналасқан ірілендірілген «Ақтерек» шаруа қожалығының басшысы, «Құрмет» орденінің иегері Шәйнүсіпов Темірлан ағамыз үстіміздегі жыл- дың 3 шілдесінде мерейлі 65 жасқа толады.
Қадірменді Темірлан ҚАЛМАШҰЛЫ! Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі 65- ке де алып жетті. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. Адам баласының өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі саналса керек. Сөйтседағы 65 жастың орны мүлдем ерекше екені баршаға мәлім. Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен жетістік әркімнің өмірінде әрқилы. Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқан сізге деген құрметіміз зор. Еңбекте қажыр- қайратыңыздың арқасында талай абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді танытып жүрсіз.
Кейбірағашжуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан катты жел тұрса, тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады. Бүгінгі туылған күн иесі осы
қайын ағашы тəріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де