Воскресенье, 18 мая, 2025
Басты бетЖаңалықтарАлдағы екі жылда Түркістан облысында 81 және Жамбыл облысында 78 канал автоматтандырылады

Алдағы екі жылда Түркістан облысында 81 және Жамбыл облысында 78 канал автоматтандырылады

Жұмыстарды 2027 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі осы нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеп жатыр. Монтаждау жұмыстары аяқталып, ақпараттық жүйелер дайын болғаннан кейін барлық каналдан жиналатын деректерді Су ресурстарының Ұлттық ақпараттық жүйесіне интеграциялау жоспарда бар. Бұл суды қабылдау көлемдерін талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысы кем дегенде 3500 км суару каналдарын цифрландыруды тапсырды. Қазіргі таңда бұл жұмыс Қызылорда облысында да жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру суды тиімді пайдалануға, оны есепке алудың дәлдігін арттыруға және шығындарды азайтуға септігін тигізеді»,

– деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

Автоматизация 81 канала в Туркестанской области и 78 каналов в Жамбылской области будет проведена в ближайшие 2 года Работы планируется завершить до 2027 года. На данный момент Министерство водных ресурсов и ирригации разрабатывает проектно-сметную документацию по объектам. После завершения монтажных работ и готовности информационных систем планируется интеграция всех собираемых каналами данных в Национальную информационную систему водных ресурсов. Это позволит осуществлять анализ и планировать объемы водозабора.

«Глава государства дал поручение оцифровать не менее 3500 км ирригационных каналов. На сегодня эта работа ведется и в Кызылординской области. Реализация проекта поможет эффективнее использовать воду, повысить точность ее учета и сократить потери»,

– сообщил вице-министр водных ресурсов и ирригации Аслан Абдраимов.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments