Четверг, 28 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматыда Мұстафа Кемал Ататүрікке ескерткіш қойылды

Алматыда Мұстафа Кемал Ататүрікке ескерткіш қойылды

Алматыда Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды.

Кемалдың құрметіне аталған скверде орнатылды. Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Мұстафа Капуджу, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, түрік диаспорасы мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Министр ескерткіш Түркияның тарихи мұрасын құрметтеумен қатар, екі елдің ынтымақтастығын бейнелейтінін атады. Биіктігі 3 метрлік қола ескерткіштің тұғыры граниттен жасалған. Оның авторлары қазақстандық мүсіншілер Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов.

Бұған қоса, Түркияда Қазақстанның көрнекті қайраткерлеріне, атап айтқанда Абай Құнанбайұлы, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Сүйінбай Аронұлы, Жамбыл Жабаев, Дина Нұрпейісова және т.б. арналған ескерткіштер мен мүсіндер орнатылып, көшелер мен саябақтар аталған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments