Четверг, 28 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысына 4,8 млн дана бюллетень жеткізіледі

Алматы облысына 4,8 млн дана бюллетень жеткізіледі

Алматы облысы бойынша 703 кандидат сайлауға түседі. Оның ішінде мәжіліске 25, мәслихатқа 523 кандидат тіркелді. Партиялық тізім бойынша, 6 саяси партиядан жалпы саны 86 кандидат өз бақтарын сынамақ.
Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Мейрамгүл Айтованың сөзіне сүйенсек, заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Парламент мәжілісі 98 депутаттан тұрады. Оның 69-ы партиялардан, қалған 29-ы бір мандаттық округ бойынша сайланады.
Айта кетейік, ел аумағында 29 бір мандаттық округ құрылған. Соның ішінде 11 және 12-ші округ Алматы облысында. 11-ші окургтің орталығы Қонаев қаласында, 12-ші округтің орталығы Қаскелеңде орналасқан.
11 округке Райымбек, Кеген, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары мен Қонаев қаласы кіреді. Ал 12 округке Жамбыл, Қарасай, Іле, Балқаш аудандары жатады.
«12 округ бойынша 10 кандидат тіркелген. Осы күнге дейін бір кандидатты тіркеуден алуға тура келген. Себебі, тіркеуге дейін тапсырған декларациясынан айырмашылықтар орын алған. Сондай-ақ, 11 округте 9 кандидат қалды, бір кандидаттың өз өтініші бойынша сайланушылар тізімінен алынып тасталды. Қалған кандидаттар сайлау бюллетеньге енгізілді»,-дейді Мейрамгүл Айтова.
Мәслихаттарға келер болсақ, Алматы облысында 6 кандидаттың жеке өтініші негізінде және 5 үміткердің тапсырған декларациясындағы айырмашылықтың орын алуына байланысты тіркеуден алынды.
Естеріңізге саламыз, аудандық және қалалық мәслихаттарға депутаттар бір мандаттық округ бойынша сайлауға түседі. Облыстағы 10 аудандық және қалалық мәслихаттарға 190 депутат сайланады деп күтілуде.
Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымының айтуынша, 4 наурыздан кандидаттар өзге аймаққа ауысқан жағдайда есептен шығару куәліктерін ала алады. 9 наурыздан кешіктірілмей сайлау учаскелері мен комиссияларының мүшелері сайлаушыларды сайлау күні туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.

Биылғы саяси науқанның өзіне тән ерекшеліктері жетерлік. Соның бірі сайлаушылар 5 түрлі бюллетень арқылы дауыс беретіні. Олардың ерекшелігіне қарай түстері де әр алуан болмақ. Сайлау парағының көлемі А5 форматына өзгертілген.

Жалпы, Алматы облысында 966 297 сайлаушы бар. Сәйкесінше, биылғы жылы өңірдегі сайлау комиссияларына 4 млн 879 800 дана бюллетень жеткізілетін болады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments