Пятница, 6 июня, 2025
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында волонтерлік қозғалыс қарқын алуда

Алматы облысында волонтерлік қозғалыс қарқын алуда

Алматы облысында волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған жаңа жоба іске қосылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы жастар саясаты басқармасының бас маманы Мадина Есентемирова және «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дәулет Ауданбаев мәлімдеді.

Бұл жоба жастарды ерікті еңбекке тарту мәдениетін қалыптастыру, азаматтық белсенділікті арттыру және волонтерлік қызметті жүйелі дамыту мақсатында іске қосылды. Қонаев қаласында арнайы волонтерлер фронт-офисі ашылып, жастарға оқыту, ақпараттық, үйлестіру және кеңес беру қызметтері ұсынылады.

Қонаев қаласында ашылған фронт-офис волонтерлер мен ұйымдар арасындағы байланысты үйлестіріп, ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, фронт-офис аясында бірыңғай электрондық деректер базасы құрылып, жастарды оқыту мақсатында түрлі семинарлар мен тренингтер өткізіледі.

Дәулет Бірлікұлының мәліметінше, жоба аясында 106 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде: 5 волонтерлік акция, 20 азық-түлік себеті мен 30 сыйлық таратылатын қайырымдылық акциялары, сондай-ақ 20 экологиялық, 20 әлеуметтік, 5 медициналық, 5 мәдени, 5 зооволонтерлік және 5 төтенше жағдайларға (ТЖ) қатысты іс-шаралар бар.

Сондай-ақ, 20 мектеп, 20 колледж және 10 кәсіпорын базасында волонтерлік клубтар құрылып, жастардың белсенділігіне дем береді.
Жоба тікелей 5 000 адамды, жанама түрде кемінде 200 000 тұрғынды қамтуы мүмкін.

Бұл жоба – әлеуметтік трансформация жасауға бағытталған стратегиялық бастама. Біз жастарды волонтерлікке белсенді тарту арқылы қоғамдағы жауапкершілікті, бірлік пен патриотизмді нығайта аламыз, – деп қорытындылады спикерлер.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments