Среда, 30 июля, 2025
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын...

Алматы облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Үкімет отырысында өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Ол өңірде тіркелген жұмыссыздар саны азайғанын атап өтті. Жұмыс орындарын құру Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы және инвестициялық жобалар шеңберінде қамтамасыз етілуі жоспарлануда.

Инвестициялық навигаторда сомасы 1,7 трлн теңгені құрайтын 73 жоба тіркелген, олар бойынша 21 мың жұмыс орнын ашу көзделген.

Өңірлік карта аясында «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асыру барысында 2820 тұрақты жұмыс орны құрылады. «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы» аясында 450 астам жұмыс орны ашылады.

«Абсолютті көрсеткіштерді ғана емес, жалпы жұмыс күшіндегі жұмыссыздықтың үлесін де ескеру маңызды. Өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 4,7%-дан 4,6%-ға төмендеді»,— деді Марат Сұлтанғазиев.

Әкім жұмыссыздар бойынша жұмыс нарықтың қажеттілігіне назар аудара отырып жүргізіліп жатқанын айтты. Кәсіби оқыту арқылы 800-ден астам жұмыссыз тұрақты жұмыс орындарына орналастырылатын болады. Негізгі бөлігі тәжірибе арқылы дағдыларды меңгере отырып, кәсіпорындар жанында оқытылуда. Сонымен қатар онлайн-оқытудан 5,2 мың адам өтіп, жаңа құзыреттерге иеленді.

Еңбек саласындағы тиімділікті арттыру үшін бірқатар Цифрлық жобалар іске асырылуда. Студенттерге тәжірибе орындарын іріктеуге және жұмыс берушілерге үміткерлерді автоматты түрде таңдауға арналған «Өдірістік тәжірибе» цифрлық сервисі сәтті жұмыс істеуде. «Мансап компасы» және «Enbek.kz» құралдары белсенді жүзеге асырылуда.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments