Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында жыл соңына дейін 454,1 шақырым жол жөнделеді

Алматы облысында жыл соңына дейін 454,1 шақырым жол жөнделеді

Алматы облысында өткен жылы 27,8 млдр.теңге сомасына 439 шақырым автомобиль жолы жөнделді, ал биыл 454,1 шақырым облыстық маңызы бар жол жаңартылады деп күтілуде. Бұл туралы Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Серік Самұратов мәлімдеді.
2021 жылы облыстық маңызы бар 30,3 шақырым автомобиль жолдары мен 6 көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсатқа қазынадан 3,8 млрд. теңге қарастырылған. Сонымен қатар 219,5 км автомобиль жолы орташа жөндеуден өтті, бұған 7,0 млрд. теңге бөлінсе, 18,3 км жолдың құрылысы мен қайта құру жұмыстарына 8,8, млрд.теңге қаржы жұмсалды.
«Үстіміздегі жылы да біршама жұмыстар атқарылмақ Жылдың соңына дейін 454,1 шақырым жол жөнделеді деп жоспарланған. Бұған бюджеттен 35,4 млрд.теңге ақша аударылып отыр»,-деп атап өтті спикер.
Айта кетейік, бүгінде өңірдегі туристік кластерді дамыту аясында Балқаш көліне дейінгі 102 шақырым жолды қайта құру бойынша 3,5 млрд.теңге сомасына құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағы да қайта жаңғыртылуда.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments