Алматы облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау науқаны жалғасуда. Биыл өңірде жүгері 65,2 мың гектар алқапқа егілді.
Бүгінде 7,8 мың гектар алқаптағы жүгері жиналып, бұл жалпы егіс көлемінің 11,9 пайызын құрады. Жиналған алқаптардан 73,4 мың тонна өнім алынған. Орташа өнімділік гектарына 95–110 центнер шамасында.
Қазіргі таңда жүгері жинау жұмыстары Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Іле аудандары мен Қонаев қаласында жүргізілуде.
Еңбекшіқазақ ауданында егілген 32,7 мың гектардың 3,2 мың гектарындағы өнім жиналды. Ұйғыр ауданында 9,1 мың гектар жүгері алқабының 1,1 мың гектары орылды. Іле ауданында да алғашқы алқаптардан өнім жинау басталды.
Ал Балқаш ауданында жүгері жинау науқаны толық аяқталды. Ауданда 3,3 мың гектар алқаптан 33,8 мың тонна өнім жиналып, орташа өнімділік гектарына 101 центнерді құрады.
Жалпы, облыстағы негізгі жүгері өсіретін аудандарда жинау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, науқанның қарқыны арта түспек.


