Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында кадр резервіне іріктеу аяқталды

Алматы облысында кадр резервіне іріктеу аяқталды

Алматы облысында өңірлік кадр резервіне іріктеу аяқталып, нәтижесінде 25 жас маман таңдалды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Арсен Жакупов мәлімдеді.Жакуповтың айтуынша, іріктеуге 35 жасқа дейінгі, жоғары білімді және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар азаматтар қатысты.
«Бұл іріктеу жастарға өңірді дамытуға өз үлестерін қосуға және мемлекеттік қызметте жоғары позицияларға ұмтылуға мүмкіндік береді,» — деді ол.Жалпы, Алматы облысының кадрлық резервіне 277 адам құжат тапсырып, оның 232-сі қабылданды. Тестілеуден өткен 62 үміткердің ішінде 51-і құзыреттерді бағалау кезеңіне өтті, ал 38-і комиссиядағы құрылымдық сұхбатқа шақырылды.»Биылғы жылдың 20-21 тамыз аралығында өткен соңғы кезеңде 35 үміткер өз жобаларын презентациялау форматында таныстырды. Бұл кезеңнің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тәуелсіз бақылаушылар, оның ішінде қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдерінің және салалық сарапшылардың қатысуымен өткізілді,» — деді Арсен Жакупов.Комиссияның шешімі бойынша, барлық кезеңдерден сәтті өткен 35 үміткердің ішінен 25 адам кадр резервіне қабылданды. Резервке алынғандардың ішінде 5 әйел және 20 ер адам бар, олардың орташа жасы – 31, ең жасы – 25. Резервке қабылданғандар арасында басқа өңірлерден, оның ішінде Астана қаласынан келген үміткерлер де бар.Резервшілер екі жыл мерзімге сайланған лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындалу мүмкіндігіне ие болады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments