Понедельник, 20 мая, 2024
Басты бетUncategorizedАлматы облысында оңалту орталығы жылына 600-ге дейін баланы қабылдауды жоспарлауда

Алматы облысында оңалту орталығы жылына 600-ге дейін баланы қабылдауды жоспарлауда

Бұл туралы Алматы облысы өңірлік коммуникация қызметі ақпарат алаңында Қонаев қалалық көпсалалы аурухананың балалар емханасының меңгерушісі, дәрігер-педиатр Елдана Абенова айтты.
Сөз басын, спикер мүгедек шектеулі балалардың ата-анасына алғыс айтып бастады. Бүгінгі таңда аймақ бойынша 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы саны 6502 құрайды.
Спикердің айтуы бойынша, алғашқы мүгедектіктің себептері жүйке жүйесінің аурулары, туа біткен психикалық бұзылулар мен мінез — құлық бұзылыстары.
Бүгінгі таңда № 343 ҚР Заңының негізінде өмірдің алғашқы 3 жылындағы балалардың психофизикалық дамуына скрининг жүргізіледі. Ол үшін облыста ерте жастағы балаларға скрининг жүргізу жүзеге асырылатын 46 баланы дамыту кабинеті, 100% оқытылған медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілген.

«Облыс бойынша балаларға стационарлық, жартылай стационар, үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы ем алу шараларында барлық жағдай жасалған. Балалар жылына екі рет ем ала алады. Яғни, станционарлық ем алу кезеңі 10-14 күнге созылса, реабилитациялық ем кезінде 20-24 күн аралығында ем алу шаралары өткізіледі. Сондай-ақ, үйден қатынауы қиын балаларға штаб қызметкерлерімен ,яғни дәрігерлік құраммен науқастың үйіне барып толықтай тексеріс жүргіземіз,әрі мейірбикелер екі рет шолу жасап тұрады»,- деді Елдана Абенова.

Облыста мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық көмекті 200 төсектік
«ШЖҚ Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» МКК көрсетеді. Аталған ұйымдардың жанынан мүмкіндігі шектеулі балаларға уақытылы оңалту көрсету үшін оңалту бөлімшелері ашылған. ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қамқорлық» мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау жөніндегі жаңа бастамаларды іске асыру мақсатында Жамбыл ОАА оңалты базасы ашылды.
Елбасының «Қамқорлық» бастамасының екінші кезеңін іске асыру аясында 35 стационар және 15 күндізгі стационарлық төсек ШЖҚ «Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасы» КМК-да балаларға қолданысқа берілді.
Сондай-ақ, облыста мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Алтын бала, Самға оңалту орталықтар бар.

Қорыта айтқанда, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларға барлық жағдай жасалуда, ем алып жатқан балалардың жағдайы жақсаратынына ата-аналардың назарына ала отырып, балаларды оңалту орталықтарына алып келу керек екенін спикер ерекше назарға алды. Сөз сонында дәрігер баспасөз-мәслихаты барысында туындаған сұрақтарға жауап берді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments