Среда, 27 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында Республика күніне орай қандай іс-шаралар ұйымдастырылады?

Алматы облысында Республика күніне орай қандай іс-шаралар ұйымдастырылады?

Тарихында қайта түлеген еліміздің Егемендікке деген бастауы Тәуелсіздік туралы декларация қабылданған күннен бастау алған еді. Баршаға мәлім, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Жарлығымен 25 қазан – Республика күні мемлекеттік мереке болып жарияланды. Ал 2009 жылғы 22 сәуірде ҚР «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына бұл күнді мерекелеуді алып тастау туралы өзгертулер енгізілді. Араға 10 жылдам астам уақыт салып, Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы маусымда Ұлттық Құрылтайдың отырысында мерекені қалпына келтіруді ұсынды. Бұл тарихи және өте маңызды шешім. Сондықтан бұл күнді бекіту мемлекет тұрғысынан маңызды қадам болып табылады. Ұлттық мереке мәртебесін иеленген бұл күн Республика көлемінде ауқымды түрде аталып өтіледі. Соған орай, Алматы облысының әкімдігінің бекіткен жоспарына сәйкес, мерекелік және ресми іс-шаралар аймақта жыл сайын ұйымдастырылады.
Биыл, өңірде 60 бағыт бойынша түрлі форматтағы 150-ден астам іс-шара ұйымдастырылмақ бұл туралы брифинг барсында мәлім болды.
Мәселен, биылғы жылы облыс орталығында 21-24 қазан бокстан, 23-28 қазан жасөспірімдер арасында футболдан облыстық , 25-де қазақтың ұлттық ойындарынан республикалық жарыстар өткізіледі. Алматы облысы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабековтің айтуынша, облыс төңірегінде жалпы 29 спорттық іс-шара өткізіледі.
«25 қазан күні Жамбыл ауданында ұлттық ат спорт түрлерінен Алмаман бәйге өтеді. Сонымен қатар, мереке күні аудандарда спорт нысандары ашылады. Айта кетсек, Райымбек ауданында 70 орынға арналған Сүмбе спорт кешені, Райымбек ауданының Қызылшекара ауылындағы 60 орындық және Ұйғыр ауданындағы 50 орынға лайықталған Кіші дихан спорт кешенінің ашылуы жоспарлануда»,-деді Ерболат Сарабеков.
Бұдан бөлек, мереке күні «Қыран елім-Қазақстаным» атты облыстық фестиваль мен өңірдің барлық аудандарында Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтеді деп күтілуде.
Ал 21-23 қазан аралығында барлық білім беру мекемелерінде еңбек ардагерлерінің, Қамқоршылық кеңес өкілдерінің, депутаттардың, қатысуымен салтанатты жиындар өтіп, оқушылар мен мұғалімдерді еңбегі үшін марапаттау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар ҚР-ның Мемлекеттік әнұранын жаппай орындау үшін «Патриотизм дауысы» атты акция мен Райымбек ауданында «Егемен елдің ұрпақтары» атты жастар форумы өткізіледі.
Ұлы мереке қарсаңында Кеген ауданы Қарқара ауылында медицина пунктер, Іле ауданы КазЦИК ауылында «Бент» ЖШС-не тиесілі автоклавты газблоктар өндірісі зауыты мен Қарасай ауданы Бірінші май ауылында Workout Street сынды әлеуметтік маңызы бар нысан қолданысқа беріледі.
Кеген ауданынының тұрғындарының қуанышы да айтулы күнмен тұспа-тұс келуде. Өйткені ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған, толық емес отбасылар, мүгедектер, зейнеткерлер, көпбалалылар мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерге 20 баспананың кілті табысталды.
Сонымен қатар, аймақ халқының игілі үшін шалғай аймақтарындағы халықты онкологиялық скринингтік және профилактикалық тексеруді дер кезінде жүзеге асыруға бағытталған «QH Денсаулық жолы» қайырымдылық жобасының тұсаукесері барысында, «Қазақстан халқына» қоры Алматы облысына онкологиялық скринингке арналған жылжымалы медициналық кешенді сыйға тартты.
Шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басшысы Болат Жәмішев және Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры, еліміздің бас штаттан тыс онкологы Диляра Қайдарова қатысты.
Осылайша, тарихи маңызға ие ұлық мерекеге орай облыстың әр түкпірінде бір қатар жұмыстар атқарылып, ел еңсесін тіктеуге бағытталған мәдени шаралар да бастау алуда.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments