Алматы облысында сайлау учаскелерінде жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлау барысын бақылайтын байқаушылар өз жұмысын бастады. Қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен халықаралық байқаушылар күні бойы сайлау заңнамасының сақталуын және дауыс беру тәртібінің орындалуын қадағалайды.
Өңірдегі сайлау учаскелерінде қоғамдық байқаушылардың қатарында «Дауыс» коалициясының өкілдері де бар. Олардың міндеті – заңнамада белгіленген өкілеттіктері аясында дауыс беру барысын бақылау.
*«Біздің басты міндетіміз – сайлау барысын объективті түрде бақылап, барлық рәсімнің заң талаптарына сай өтуін қадағалау»,* – деді «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының мүшесі Айгерім Сарманова.
Сайлау барысына халықаралық байқаушылар да қатысып жатыр. Орталық сайлау комиссиясы 42 шет мемлекет пен 13 халықаралық ұйымнан келген 777 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.
Байқаушылар сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап заңда белгіленген барлық рәсім аяқталғанға дейін сайлау барысын қадағалайды.
*Алматы облысының ӨКҚ*


