Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетUncategorizedАлматы облысында «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы жүзеге асады

Алматы облысында «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы жүзеге асады

Бұл туралы Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы облысының басшысы Барлық Төреханов және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Руслан Утелбаев хабарлады.
Спикердің айтуынша,өңірдегі электр қуатымен қамтамасыз ету және су құбыры желілері жаңартылып, табиғи монополия саласы қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі.
«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы – жылжымайтын мүлік иелері есебінен салаға инвестиция тартуды, табиғи монополия саласы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруды көздейді. Мұнымен қоса, салаға озық инвестицияларды енгізуді қарастырмақ. Қазірде Алматы облысында жобаға инвесторларды тарту жұмыстары қызу. Жалпы, бастаманың іске асуымен 2025 жылға қарай қуаттылығы 77,15 мвт болатын 12 жоба ашылады. Бұл отандық өндіріс құрылымындағы жаңартылатын көздерден энергия өндіру үлесін 21 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Облыста 384 елдімекен болса, оның 124-і жеке инвесторлар есебінен газдандырылған. Қазіргі таңда, тариф бойынша орташа баға метр кубына 32 теңге. Газ құбырының ұзындығы 1369 шақырым.
«Тарифті инвестицияға айырбастау» жобасы аясында 145,9 млрд теңге қарастырылмақ. Іле ауданында жалпы қуаттылығы 400 МВТ болатын «Каз енерго тред» ЖШС газтурбиналық станция салынады деп жоспарлануда дейді”,- департамент басшысы
Қонаев қаласы тұрғындарының 91 пайызы кәріз жүйесімен қамтылған. Қаланың кәріз және тазарту құрылысы 1968 жылы салынған. Бүгінде нысандардың тозу деңгейі шамамен 90 пайызға жеткен.
Брифингте төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында кәріздік-тазарту қондырғыларын қайта құру жұмысы жүргізіліп жатқаны айтылды. Жоба 2 жылға жоспарланған.

“Қонаев қаласындағы тозу деңгейі жоғары,сол себепті өңірдегі электр қуатымен қамтамасыз ету және су құбыры желілерінің, жылу коммуникациясының тозу деңгейін төмендетуге қол жеткізу.Біз оны қолға алып жатырмыз”-дейді Барлык Төреханов
Мамандардың айтуынша, Алматы облысының әкімдігі халықты коммуналды қызметпен сапалы қамтамасыз ету үшін барлық шаралардың жүзеге асуын қатаң бақылауда ұстамақ.
Айта кетерлігі, Алматы облысында табиғи монополиялар субъектілерінің тізімінде 102 нысан бар. Олар тауарлық газды тасымалдау, электр энергиясын беру, жылу энергиясын өндіру, сумен жабдықтау және кәріз жүйесімен қамту сынды 127 қызмет түрін көрсетеді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments