Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетCovidАлматы облысында халықтың 42 % -ы коронавирусқа қарсы екпе алды

Алматы облысында халықтың 42 % -ы коронавирусқа қарсы екпе алды

 

Ел аумағында эпидахуал күрт нашарлады. Бүгінгі таңда Жетісу өлкесі «қызыл» аймақта. Сәйкесінше, облыста КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,4% — дан 0,6% — ға дейін артты. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Қаратал, Райымбек, Талғар аудандарында байқалады.

Өткен тәулікте өңір бойынша КВИ – дің 178 жағдайы тіркелді, 139-ы симптомдық және 39-ы симптомсыз жағдай болып табылады. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 29, оқушылар арасында-12 және студенттер арасында-2 жағдай анықталды.
Мамандар, КВИ және оның ішінде «Дельта» штаммен ауырған тұрғын –вакцина алмағандар деп дабыл қағуда.

«Облысқа 1 компоненттен 540 645 доза вакцина келіп түсті, бүгінгі күні онымен 513 109 мың адам егілді, екпенің екінші бөлігін 291 549тұрғын қабылдады. Вакцина алған тұрғындар арасында педагогтар — 37 594 және медицина қызметкерлері – 23 167 көш бастап тұр»,-дейді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз-хатшысы Әлия Шагиахмет.
Айта кетейік, бүгінгі күні Алматы облысының 42 пайызы вирусқа қарсы вакцина алып үлгерген. Жоспар бойынша, қыркүйек айына дейін 1 млн-нан астам тұрғын екпе алуы керек. Осылайша қоғамдық иммунитет қалыптастырып, екпе алушы халық санын 60%-ға жеткізу көзделген.
Әлия Шагиахметтің айтуынша, өңірде тек «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасы ғана қалған, алдағы екі аптада аймаққа 100 мыңнан астам доза вакцина келеді деп күтілуде.

Естеріңізге саламыз, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Қазақстанда қолданылатын вакциналар коронавирустық инфекцияның «Үнді», «Британдық», «Оңтүстік Африкалық» және «Бразилиялық» штаммына қарсы тиімді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments