Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 1,0% — дан 0,9% — ға дейін төмендеді. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Ескелді, Кербұлақ, Райымбек, Сарқан аудандарында және Талдықорған қаласында байқалады. Бұл туралы «Jetisy Media» хабарлады.
Соңғы тәулікте КВИ-дың 270 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,6%, оның ішінде 236 симптомдық және 34 симптомсыз жағдай.
100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2035,8 құрап отыр.
1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 43 513 жағдай тіркелген, оның ішінде 30 723-інде ауру белгілері бар.
Айта кетейік, Алматы облысында 675 095 адам екпенің бірінші бөлігін алды. Ал II компонентті 553 306 тұрғын қабылдады.