Понедельник, 25 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында қызылша ауруы өршіп кету ықтималдылығы төмен

Алматы облысында қызылша ауруы өршіп кету ықтималдылығы төмен

Бұл туралы бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Марат Исмаилов пен денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева айтты.
Мамандардың сөзінше, Алматы облысында 14 наурыз — 02 сәуір айы аралығында 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылшамен ауырудың 3 жағдайы тіркелді.
«Қарым-қатынаста болған 138 адам анықталып, оның ішінде эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 31 адамның 29-на қызылшаға қарсы екпе салынды», — деді Марат Исмаилов.
Сонымен қатар ол вирустың өзіне тән ерекшеліктерін ескерудің маңыздылығын айтты. Біріншіден, иммунитеті төмен адамдармен байланыста болған кезде, инфекцияның таралуы 90% және одан жоғары болуы мүмкін, екіншіден, қызылша ауруы ауа арқылы таралады. Сондықтан қызылшамен күресудің жалғыз жолы – екпе салдыру.
«Алматы облысында қызылшаның жаппай өршу қаупі төмен. Себебі, бұл өңір екпелермен жеткілікті қамтылған әрі жоспарлы түрде алдын алу шаралары жасалып жатыр», — деді бас санитарлық дәрігер.
Ал Лейла Серікбаева болса, қызылшадан қорғанудың жолдары туралы сөз етті.
«Қоршаған ортадағы вирустардың концентрациясын төмендетуге бағытталған әртүрлі қарапайым әдістер бар. Мысалы: ылғалды тазалау, үй-жайларды желдету, тыныс алу органдарын қорғау үшін бетпердені қолдану қажет», — деді маман.
Айта кетейік, 2022 жылы бір жастағы және 6 жастағы балалар арасында қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинациямен қамту 95%-ды құрады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments