Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында Ұлттық халық санағы 2021 жылдың бірінші кезеңі басталды

Алматы облысында Ұлттық халық санағы 2021 жылдың бірінші кезеңі басталды

2021 жылдың 1-ші қыркүйегі мен 30-шы қазан аралығында Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағы өтеді. 2021 жылғы халық санағының басты жаңалығы – заманауи цифрлық технологияларды еңгізу және процесті автоматтандыру. Енді Қазақстан тұрғындары туралы деректерді жинау екі жолмен жүргізіледі: онлайн және офлайн форматтарында.
Биыл 1-30-шы маусым аралығында Ұлттық халық санағының бірінші кезеңі басталды. Бұл кезеңде аудандарға бөлу жұмыстары жүргізіледі, тұрғын үйлерді және тұрғын емес үй-жайларды аралау және тұратын халық санын нақтылау.
Дайындық жұмыстарына облыс бойынша 821 адам жұмылдырылды. Интервьюерлердің өздерімен бірге арнайы куәлігі, халық санағы логотипі белгісімен портфель және планшеттері бар.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 1-ші қыркүйек айынан арнайы мамандырылған sanaq.gov.kz. платформасы іске қосылады. 15-ші қазан айына дейін қазақстандықтар өзін және отбасы мүшелері үшін онлайн форматта сауалнама беттерін толтырып, санаққа өз бетінше осы платформада қатыса алады. Сондай ақ, осы платформаға Egov.kz электрондық Үкімет порталы арқылы кіруге болады.
2021 жылдың 1-30-шы қазан аралығында дәстүрлі үй-үйді аралау кезінде онлайн-форматта санаққа қатыспағандардан ақпарат жинағын алу үшін сұхбаттасушының ЖСН–ін қолданып, интервьюерлер «Ұлттық санақ» Ақпараттық жүйесі қосылған планшеттері арқылы санақ жүргізеді.
Халық санағы кезінде азаматтар сұрақтарын төлемақысыз бірыңғай call-центр 1446 және 8 8000 800 878 нөмірі арқылы сұрақтарын қоя алады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments