Аталған экологиялық акция аясында өңірдің туристік бағыттарында ауқымды сенбіліктер өткізу жоспарлануда.
Акция танымал туристік аймақтарды, демалыс орындарын, саябақтарды, аулаларды және халық көп шоғырланатын өзге де қоғамдық кеңістіктерді қамтиды. Сонымен қатар, Жамбыл ауданында орналасқан «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі аумағында да тазалық жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.
Іс-шара барысында аумақтарды санитарлық тазарту, қоқыс шығару, абаттандыру және ретке келтіру жұмыстары атқарылуда.
Аталған акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, тарихи-мәдени мұраны сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.
Алматы облысының тұрғындарын аталған игі бастамаға белсенді қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға шақырамыз. #ТазаҚазақстан #ТазаОрта #ЖамбылАуданы #ТазалықКүндері



