Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетUncategorizedАлматы облысында 1500-ден астам жас әскерге шақырылуда

Алматы облысында 1500-ден астам жас әскерге шақырылуда

Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру тәртібі туралы брифинг өтті.
Баспасөз мәслихатына Алматы облысы Қорғаныс істері департаменті шақыру басқармасыны бастығының Дулат Ақышев және Қонаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Қанат Джексенбаев , сондай-ақ Қонаев гарнизонының 58012 әскери бөлімінің Тәртіп және идеалогия жұмыстары жөніндегі орынбасары Дастан Каримов қатысты.
«Өңірімізде 18 бен 27 жас аралығындағы 1 580-нен астам жігіт мерзімді әскери қызметке шақырылады. Оның ішінде 750-ден астам әскерге шақырылушы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде, қалған 830-дан астамы Ұлттық ұланның, ҰҚК Мемлекеттік күзет қызметінің және Шекара қызметінің әскери бөлімдерінде қызмет өткеретін болады» — деді Дулат Ақышев.
Әскер жасындағы ер азаматтарға дербес шақырту қағазы жолданады. Құжат олардың тұрғылықты мекенжайына немесе жұмыс орындарына жеткізілетін болады. Бұл ретте осы процесті автоматтандыру көзделген. Сәйкесінше, болашақ сарбаздарға 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы SMS-хабарлама жіберіледі.
Айта кетейік, жылына 2 рет көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқаны жүргізіледі. Көктемгі 1-наурыздан 31 маусымға дейін, ал, күзгі шақырту 15 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments