Среда, 27 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында 2200-ден астам радиотехника есепте тұр

Алматы облысында 2200-ден астам радиотехника есепте тұр

Бұқара жылдам интернетті талап еткенімен, кейбірі байланыс операторларының арнайы мұнараны орнатуына қарсылық көрсетеді. Ғылыми түрде радиофобия деп аталатын, бұл қорқыныштың қоғамға әсері қандай? Алматы облысы өңірлік коммуникациялыр қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында сала мамандары жауап берді.

Облыстық цифрлық технологиялар басқармасы басшысының орынбасары Жандос Ақыл елді мекен тұрғындарынан операторлардың базалық станцияларын бөлшектеуге қатысты шағымдар келіп түсетінін алға тартты.

«Қарасай ауданы Қырғауылды ауылында бірнеше көшенің тұрғындары Beeline ұялы байланыс операторының мұнарасын алып тастауды талап етті.Сондай-ақ,Балқаш ауданы Аралтөбе ауылы және де Ұйғыр ауданы, Шырын ауылының тұрғындары ауылда Теле2 және Beeline базалық станциясын орнатуға қарсылық танытты»,-деді Жандос Ақыл.

Ал, брифингте сөз алған облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Муслим Сағадиев арнайы зерттеулер жүргізілетінін атап өтті.

«Департамент тарапынан аталмыш бағандар мен байланыс операторлары орнататын мұнаралардың халықтың денсаулығына әсерін анықтау мақсатында радиотехникалық қондырғылардың жұмысына зертханалық-аспаптық зерттеулер мен мониторинг жүйелі түрде жүргізіледі. Бүгінгі күні 2267 радиотехника қондырғысы есепте тұр»,-деді Муслим Сағадиев.

Жауаптылар, радиофобия кеше пайда болған дүние емес екенін тілге тиек етті. Заман дамып, жаңа технологиялар пайда болғаннан кейін радиация және оның адам денсаулығына әсері туралы жанама ақпарат тарауда.

Ал, «Freedom Telecom»ЖШС Қонаев қаласындағы филиалының Радиобайланыс бөлімінің басшысы Қайрат Ордатаев радиофобияға бой алдыратындар егде жастағы адамдар дейді.

Оның айтуынша, адамдарда базалық станциялардан сәулелену дозаларын алады деп жаңсақ пікір қалыптасқан. Салдарынан, бір ауылдың тұрғындары базалық станциялар желісін кеңейтуде ұялы байланыс операторларына қарсы тұрса, өзгелер байланыстан ажырап қалуы мүмкін.

Сол себепті, облыс көлемінде радиофобиямен күресу жұмыстары ары қарай жалғасын таппақ.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments