Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында 37 мың жасөспірім екпе алды

Алматы облысында 37 мың жасөспірім екпе алды

Алматы облысында 12 жастан бастап тұрғындарды короновирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың 12 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста бірінші компонентпен 949 322 адам егілді, оның ішінде 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер – 37 278, жүкті әйелдер – 2794 және лактация кезеңіндегі әйелдер – 7169. Екінші компонентпен 854 304 адам егілді, оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 9836, жүкті әйелдер – 797 және лактация кезеңіндегі әйелдер — 1857.
Айта кетейік, аймақта коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізуге 318 егу кабинеті, 76 жылжымалы пункт іске қосылды. Облыс бойынша мектеп қабырғасында және медициналық ұйымдарда оқушыларға, жүкті және лактация кезіндегі әйелдерге арналған 318 егу кабинеті жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта облыста «Пфайзер» компаниясының «Комирнати», «Sinopharm Vero Cell», «Qaz Covid-in» және «Гам-КОВИД-ВАК («Спутник V») вакциналары колданыста бар.
Естеріңізге саламыз, өткен тәулікте өңірдегі 69 тұрғынның вирус жұқтырғаны анықталды. Соңғы аптада өсімнің ең жоғары қарқыны Алакөл, Қарасай, Райымбек, Көксу, Сарқан аудандары мен Қапшағай қаласында байқалады.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы екі аптаны салыстырғанда 0,02% — дан 0,05% — ға дейін ұлғайды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments