2022 жылы 38 білім беру нысанының құрылысы жоспарланған. Бұл туралы « Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды.
Бұл нысандардың ішінде 31 мектеп, 1 өнер мектебі, 1 ас блогы, 1 мектепті қайта құру, 1 лагерь, 1 колледж және 2 жатақхана бар. Жобалардың жалпы құны 21,599 млрд.теңге.
Сондай-ақ, сапалы білім алу және студенттердің өмір сүру жағдайын жақсарту үшін 2021 жылы «Үшқоңыр Медресе колледжі» жекеменшік мекемесі 100 орындық жатақхананы пайдалануға берді, сондай-ақ Талдықорған музыкалық колледжінің 100 орындық жатақханасының құрылысы жүріп жатыр, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің 112 орындық жатақханасын реконструкциялау жоспарлануда.
«Қаратал ауданы Үштөбе қаласында жаңадан салынып жатқан 30 орындық гуманитарлық колледж жатақханасының құрылысы туралы шарт жасалуда», — деп қорытындылады Алматы облысы білім басқармасы басшысының м.а. Жаныл Сүлейменова.