Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті 2021 жылдың 8 айында 87 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, оның ішінде 78,2% — дан астамы немесе 68 қылмыс сыбайлас жемқорлық болып табылады. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды.
Жедел-тергеу тәжірибесіне сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының басым үлесі немесе 86,8%-ы парақорлықпен байланысты, оларға 59 қылмыс жатады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін 154 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, есептік кезеңде «жүйелі» сыбайлас жемқорлықтың 8 фактісі анықталды. Кешенді іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 22 адам әшкереленді, 33 қылмыс тіркелді, 4 қылмыстық іс сотқа жолдаумен аяқталды, 1 адам сотталды.
«Есептік кезеңде бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың 10 фактісі анықталды (26 қылмыс) 35 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 10 кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары қорғалды.
Мемлекеттік бағдарламаларды сүйемелдеу аясында-23 қылмыс тіркелді. 18 тұлға жауапкершілікке тартылды, келтірілген залал 133,3 млн.теңгені құрады, 940,1 млн. теңге көлеміндегі залал қайтарылды»,-дейді ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев.