Среда, 26 августа, 2026
Басты бетЖаңалықтар*Алматы облысының Жамбыл ауданы “Мектепке Жол” акциясына ат салысуда.*

*Алматы облысының Жамбыл ауданы “Мектепке Жол” акциясына ат салысуда.*

Ұрпақтың өсуіне ұйытқы болмақ
Жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларының кедергісіз білім алуына бағытталған игі шара.
Бұл акцияның басты мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.
Биыл Жамбыл ауданда ауылдық округтер мен білім беру ұйымдарының ұйымдастыруымен «Балаға мейірім сыйла!», «Ауыл балаларына –мектепке сыйлықтар», «Отбасы отбасыға көмек көрсетеді: Балаларды мектепке дайындаймыз!» атты қайырымдылық шаралары ұйымдастырылуда. Қазірге дейін «Мектепке жол» акциясы аясында аудан көлемінде 288 балаға оқу жылына қажетті құралжабдықтар алуына көмек көрсетілді. Аталған қайырымдылық шаралар 171 демеуші тартылып, олар 8млн теңгеден астам қаржылай көмек көрсеткен. Жаңа оқу жылының қарсаңындағы мұндай игі бастамалар елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақтың өсуіне ұйытқы болмақ.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments