Среда, 3 июня, 2026
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысының жағажайларын шомылу маусымына дайындау: қауіпсіздік, санитарлық жағдай және демалушыларға арналған...

Алматы облысының жағажайларын шомылу маусымына дайындау: қауіпсіздік, санитарлық жағдай және демалушыларға арналған жағдайлар

Алматы облысында 1 маусымнан бастап шомылу маусымы ресми түрде басталды. Өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіз әрі жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдар санитарлық талаптар мен қауіпсіздік нормаларына толық сәйкес келетін арнайы шомылу орындарын белгіледі.

Маусымға дайындық аясында ресми жағажайларда су айдындарының түбі тексеріліп, тазартылды, қоршаулар мен ескерту белгілері орнатылды, құтқарушылардың тұрақты кезекшілігі ұйымдастырылды. Шомылуға тек қажетті қауіпсіздік жағдайлары жасалған жабдықталған жағажайларда ғана рұқсат етіледі.

Қонаев қаласындағы коммуналдық жағажайларды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Өткен жылы абаттандырылып, пайдалануға берілген №5 жағажай заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған: футбол және волейбол алаңдары, балалар ойын аймақтары, workout алаңдары, фудкорттар, пирс, душ кабиналары, киім ауыстыратын орындар және автотұрақ бар. Демалушылардың қауіпсіздігі үшін мұнда құтқару бекеттері, медициналық пункт және SOS батырмаларымен жабдықталған бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта №6 және №7 коммуналдық жағажайларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Коммуналдық нысандармен қатар, Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан жеке демалыс аймақтары мен ойын-сауық кешендері де келушілерді қабылдауда. Ең танымал нысандардың қатарында «Delmare», «На море», «Home Club», «Comfort» және басқа да орындар бар. Сондай-ақ Іле ауданындағы «Первомайские пруды» және Талғар ауданындағы «Park Resort Восемь озер» кешендерінде де жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалған.

Сонымен қатар тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертіледі. Рұқсат етілмеген орындарда, қатты ағысы бар аймақтарда, сондай-ақ шағын көлемді су көліктерінің маңында шомылуға қатаң тыйым салынады және бұл өмір мен денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді.

Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар департаменті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шаралар жүргізуде. Прокуратура, полиция және көлік инспекциясының қатысуымен, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану арқылы профилактикалық рейдтер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments