Понедельник, 25 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысының медициналық мекемелері кенеге қарсы екпемен қамтылған

Алматы облысының медициналық мекемелері кенеге қарсы екпемен қамтылған

Бұл туралы баспасөз мәслихатында Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәулет Капсаламова айтты.
«Наурыз айының басынан бері Алматы облысында 213 адам кене шағуына байланысты медициналық көмекке жүгінді. Бүгінде кене энцефалитіне күдікпен 2 жағдай тіркелді – Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында, оның ішінде бір науқаста кене энцефалитінің диагнозы расталмады, біреуінде бар. Облыста кененің белсенділігі маусымына байланысты табиғи эндемиялық аумақтарда, атап айтқанда Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Ұйғыр аудандарында кенеге қарсы өңдеу жұмыстары басталды», — деді спикер.
Жоғарыда аталған деректерге байланысты санитарлық дәрігерлер тұрғындардан кенеге қарсы өңдеу жүргізу туралы белгілері (жазуы бар қалқандар) бар аумақтарға барудан бас тартуды сұрайды. Кенелерді жою туралы белгілер бар жерлерде 45 күн ішінде мал жаюға тыйым салынады. Сонымен қатар өңдеу жүргізілген күннен бастап алғашқы 3 күн ішінде осы аумақтарға баруға, жерде жатып демалудан бас тарту қажет.
«Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар, Ұйғыр аудандарында кенеге қарсы өңдеу жұмыстары 2023 жылғы 3-17 сәуір аралығында жүргізіледі, ауа райына байланысты өңдеу мерзімі ұзартылуы мүмкін. Сондай-ақ медициналық ұйымдар иммуноглобулиннің жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген, барлығы 9630 мл. бар», — деді Сәулет Капсаламова.
Бұдан бөлек, спикер безгек ауруының алдын алу мақсатында Қапшағай су қоймасының 21 гектардан астам аумағы дезинфекцияланғанын айтты.
«Безгектің тасымалдаушысы – масалар. Олар ағысы баяу тоғандарда, су қоймаларында, өзеннің ескі арналарында өсіп, көбейеді. Жыл сайын мамыр, маусым, шілде айларында 3 кезеңмен Қапшағай су қоймасының 70,0 га көлеміне өңдеу жүргізіледі. Бірақ, ауа райының ерте жылынуына орай, өңдеу жұмыстары сәуір айында басталды. Бүгінгі күні Қапшағай су қоймасының 21,3 га көлеміне өңдеу жүргізілді», — деді маман.
Айта кетейік, безгектің белгілері – қызба, бас ауруы және қалтырау. Әдетте ауру жұқтырған масаның шағуынан 10-15 күн өткен соң пайда болады. Емдеу болмаған жағдайда асқынулардың дамуына, кейбір жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments