Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысының травматологтары шетелдік науқасқа ота жасады

Алматы облысының травматологтары шетелдік науқасқа ота жасады

Науқас Б., Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының қабылдау бөлмесіне оң қолы мен иығындағы ауырсыну шағымдарымен түсті. Бұрын жарысқа қатысу кезінде жарақат алғаны жайлы айтып өтті. АККА травматологтары науқасты тексеріп, рентгенге түсіріп, оң жақ иық сүйегінің төменгі үштен бір бөлігінің жабық қиғаш бұранда тәрізді сынуы диагнозын қойды.
«20 жастағы жас жігіт бізге оң жақ иық сүйегінің сынуымен келді. Армреслингтен жарысқа қатысып, жарақат алған екен. Жалпы, бұл спорт түрі қол жарақатына қауіпті болып есептеледі, адам шынтақ пен иық буындарына, байламдарға, білек пен иық сүйектеріне жүктемені шамадан тыс береді. Біз науқасқа ашық остеосинтезге блоктаушы пластинамен және бұрандалармен ота жасадық, отадан кейін науқас өзін жақсы сезініп отыр. Барлық ем шаралары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізілді», — дейді травматолог дәрігер Дәулет Тастанбеков.
Айта кетейік, остеосинтез – бұл сынықтарды хирургиялық емдеу әдісі, ол сынған сүйек фрагменттерін біріктіруден және толық синтез басталғанға дейін анатомиялық дұрыс қалыпта тұрақты бекітуден тұрады.
«Мен медициналық университеттің студентімін, Үндістаннан келдім. Жарақатты абайсыздықтан алдым. Мені осы ауруханаға уақытында әкеліп, дәрігерлер дереу көмек көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді», — дейді науқастың өзі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments