Воскресенье, 15 марта, 2026
Басты бетРеферендум-2026АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ...

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ…

… Марат Сұлтанғазиев республикалық референдум аясында дауыс берген. Алматы аймағының әкімі Қонаев қаласындағы №949 референдум учаскесінде өз таңдауын жасаған көрінеді.
💐 Egov сайты сәт сайын жаңарып жатыр ғой, қадағалап отырмын — Алматы облысында той болып жатқан секілді тура🤩
😎 Фотоларды қараңыз — шеру жасап келе жатқан әскерилер, медальдары жарқыраған спортшылар, әулетімен келіп дауыс берген 105 жастағы Кейуана, кезекте тұрған жастар, қыл аяғы Алатаудың сәні мен айбарына айналған Ілбіске дейін — Қар барысына дейін дауыс беруге келген ғой🤣🤩😍
✅ Облыста 677 референдум учаскесі ашылыпты, сайлаушылар саны 1 миллионнан асып жығылады!
❇️ Ең тамашасы — тұрғындарды дәл сол жерде тіркеу, тексеру жүйесі көпшілік учаскелерде жұмыс жасап тұр. Мәселен, Қонаев, Есік, Талғар, Қаскелең қалаларында, Өтеген батыр кентіндегі бес учаскеде сайлаушыны тікелей сол жерде тіркеп, дауыс беруге мүмкіндік жасайды!
Яғни, аяқ асты шаруаң шығып, басқа қалаға кетіп қалған болсаң, өз учаскеңе үлгермесең, қалалардағы цифрланған учаскелерге барып, таңдау жасайсың — рахат!
🇰🇿 Марат Сұлтанғазиев «өңірдегі 2320 мүгедектігі бар азамат үшін учаскелерде арнайы пандустар, ыңғайлы кабиналар мен көру, есту қабілеті нашар жандарға арналған көмекші құралдар орнаттық» деп қалыпты қысқаша сұхбатында.
🫂 «Бәреукелді» дедім!!! Қол-аяғы балғадай, дені сау, 12 мүшесі түгел азаматтар «әй, құрсыншы» деп референдумға бармай, диванда аунап жатқанда ерекше 2320 азаматына айырықша жағдай жасаған әкімге риза болдым!
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments