Ағымдағы жылдың басынан бастап Сыбайласжемқорлыққа қарсы қызмет «Бизнес жол» кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жобасын іскеасыруда, оның шеңберінде сыбайласжемқорлықпен ұштасқан бизнестің өзектімәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдануда.
Алматы облысында осындай мәселелердіңқатарында «Бизнестің жол картасы» жәнекәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасияқты бизнесті қолдаудың мемлекеттікбағдарламалары бойынша жобаларды іске асырубар.
Мысалы, 2021 жылдан бастап 4 өндірістікзауытты сыртқы коммуналдық желілерге қосужөніндегі жобалар аяқталмаған күйінде қалыпотыр.
Әрбір жоба Алматы облысы бойыншаСыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметдепартаментінің бақылауына алынды.
Мысалы, 2019 жылы «Pure Pack» ЖШС-нісумен жабдықтауға, су бұруға және электрменжабдықтауға қосуға шамамен 400 млн теңгебөлінді. Аталған жұмыстар бойынша Алматы облысының кәсіпкерлік басқармасы жеткізушіболып «Монолит» ЖШС белгіледі, ол 2021 жылдың маусым айында жұмысын бастады жәнесол жылдың қазан айында аяқталуы тиіс еді.
Алайда, әр түрлі себептерге байланыстытараптар аяқталу мерзімін бірнеше рет кейінгеқалдырды, осылайша зауыттың алкогольсіз өнімшығару қызметі шектелді, бұл аймақтың тиістісалық түсімдерін алмауына және жаңа жұмысорындарының болмауына әкелді.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың қаңтарайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметбарлық мүдделі тараптардың қатысуымен жеделкеңес өткізді, оның қорытындысы бойынша өнімберуші мен тапсырыс берушінің жұмысыжанданды.
Бүгінгі таңда зауыт аумағындатрансформаторлық қосалқы станциялар, су сорғылары және кәріз сорғы станцияларыорнатылған. Оларды іске қосу бойынша тексеружұмыстары жүргізілуде.
Зауытта жергілікті халықтың 70-тен астамадамы жұмысқа орналастырылған.
Жақын арада зауыт өндірістік конвейердітолығымен іске қоса алады.
Қалған жобалар да өңірлік сыбайласжемқорлыққа қарсы қызметтің сүйемелдеуінде.
Ведомствода атап өткендей, негізгі мақсатқылмыстық істерді қозғау емес, бизнесті қолдаужөніндегі мемлекеттік бағдарламалардыңтүпкілікті нәтижесіне қол жеткізу, кәсіпкерлердіңқұқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру.
Бұл, өз кезегінде, қолайлы инвестициялықахуалды, жаңа жұмыс орындарын құру және салықтүсімдерін арттыру сияқты ел үшін көбірек пайдаәкеледі.