Четверг, 30 июля, 2026
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысы экономикалық өсім бойынша көшбасшылар қатарына енді

Алматы облысы экономикалық өсім бойынша көшбасшылар қатарына енді

2026 жылдың алғашқы алты айында Алматы облысы тұрақты экономикалық өсім көрсетіп, республикадағы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі атанды. Алдын ала қорытындыларға сәйкес, облыстың қысқа мерзімді экономикалық өсім көрсеткіші 114,8 пайызға жетіп, өңір үздік үштікке енді.

Өсімге өнеркәсіп өндірісінің ұлғаюы, инвестиция көлемінің артуы, құрылыс саласының белсенділігі және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы ықпал етті. Облыста жаңа өндіріс орындары ашылып, кәсіпкерлікті қолдау және инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Мамандардың пікірінше, экономиканың әртүрлі салаларындағы оң серпін өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік береді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments